Жаңалықтар

Сенаторлар су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлер құрылысымен танысты

Сенаторлар су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлер құрылысымен танысты
Фото: senate.parlam.kz 06.07.2024 19:41 720

Сенат депутаттары Советбек Медебаев пен Серік Шайдаров Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабалайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттар кездесу барысында Парламент Сенаты депутаттарының өткен сессиядағы заң шығару қызметінің қорытындысы туралы ауыл тұрғындарына айтып берді.

Сенат баспасөз қызметінің мәліметінше, сондай-ақ олар қоғам қайраткерлерімен және мәслихат депутаттарымен кездесіп, өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді шешу жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Талқылау заң шығарудан бастап аймақтың нақты мәселелеріне дейінгі тақырыптар ауқымын қамтыды.

Сенаторлар бұдан өзге сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологияларды енгізу жоспарланып отырған Жезқазған қаласындағы ауыз су тазарту-шаруашылық құрылысын жаңғырту жобасымен де танысты.

Жезқазғанның жаңа батыс ауданына магистральдық жылу желісін салуға және Үйтас-Айдос су құбырын салуға жергілікті атқарушы органдар ерекше назар аудару қажет. Бұл жобалар облыс орталығының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету және жылумен жабдықтау сапасын жақсартуға тиіс, - деді Советбек Медебаев.

Сондай-ақ депутаттар Ұлытау ауданында болып, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналып салынып жатқан Жезді кентіндегі үйлер құрылысымен танысты. Құрылыстың қарқыны мен сапасына ең алдымен тұрғындардың өздері риза болуы маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға