Сенаторлар БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдерімен кездесті

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
04.03.2025 23:44
117
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Виорел Гуцу бастаған БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғары палата депутаттарының арасында Әли Бектаев, Закиржан Кузиев және Арман Өтеғұлов сынды тұлғалар болған.
Онда азық-түлік қауіпсіздігі, топырақты қорғау және ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту саласындағы ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланды.
Біздің ынтымақтастығымыз топырақты қорғау мен биоалуандықты сақтаудан бастап фермерлік шаруашылықты қолдау және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға дейінгі көптеген мәселелерді қамтиды. Біз ауыл шаруашылығын дамытуға, табиғи ресурстарды сақтауға және қазіргі климат қиындығына бейімделуге көмектесетін тиімді шешімдер әзірлеуге тырысамыз. Біз ФАО-ның сараптамалық көмегін бағалаймыз және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға бағытталған әріптестікті одан әрі нығайтуға үміттенеміз, - деп атап өтті комитет төрағасы Әли Бектаев.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында 20 елді мекенге ауыз су тартылады
Келесі жаңалық
Мұрат Нұртілеу Оман Елшісін қабылдады