Жаңалықтар

Сенатор Ақылбек Күрішбаев Конаев қаласының бірқатар кәсіпорындарын аралады

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады
Сенатор Ақылбек Күрішбаев Конаев қаласының бірқатар кәсіпорындарын аралады
Фото: senate.parlam.kz 27.07.2022 18:42 1889

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қонаев қаласында болып, энергетика, кәсіпкерлік, ауыл және балық шаруашылығы саласындағы нысандарды аралады, – деп хабарлайды El.kz.

Сенатор «ЛСТ Агро» жылыжай кешенінің жұмысымен және өнім өндіру үрдісімен танысты. Ол осы өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бағдарлама жүзеге асып жатқанын атап өтті. Аймақтың табиғаты көкөніс дақылдарын өсіру үшін өте қолайлы, осыған байланысты салаға жаңа серпін беру қажет.

Ақылбек Күрішбаев сонымен қатар өңірде орналасқан «Оспанова Девелопмент» ЖШС балық шаруашылығы кешенінде де болды. Ол балық өнімдерінің импортын қысқартуға және инновациялық жобаны іске асқаннан кейін экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сенатор сондай-ақ Іле өзенінің Қапшағай шатқалында орналасқан су-энергетика кәсіпорнында да болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға