Жаңалықтар

Сенатор Қызылорда облысындағы су тапшылығын шешуді ұсынды

Сенатор Қызылорда облысындағы су тапшылығын шешуді ұсынды
Фото: gov.kz 14.09.2023 19:45 686

Қызылорда облысының тұрғындары су тапшылығын бастан кешуде. Мұның бір себебі – Арал-Сырдария бассейнінде су тапшылығы мен Көксарай су реттегішінің техникалық жағдайындағы мәселелер.

Сенатор Руслан Рүстемов Министрлер кабинеті басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында аталған мәселеге тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, Жаңақорған өңірінде су тапшылығына қатысты қазіргі күрделі жағдайға сәйкес Сырдария өзенінен Келінтөбе магистральдік каналына қосымша су тарту каналын салу қажет.

2022 жылы Қызылорда облыстық бюджетінің шұғыл шығындарға арналған резервінен бөлінген қаржы есебінен «Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе магистральді каналына су беретін канал қазу» жобасының сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілді. Бұл жоба іске асырылған жағдайда, Келінтөбе каналына секундына қосымша 11-15 текше метр су құйылады, - деді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға