Жаңалықтар

Сенатор Хасан Қасымбаевпен туыстығы барын растады

Сенатор Хасан Қасымбаевпен туыстығы барын растады
Фото: коллаж El.kz 07.11.2024 16:06 1679

Алматы облысының атынан сайланған сенатор Жанболат Жөргенбаев «Хутор» бандасының басшысы делінген, қазіргі уақытта адам ұрлығы үшін қамауға алынған Хасан Қасымбаевпен туыстығын растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде екеуінің туыс екені туралы ақпарат тараған. Осы орайда Tengrinews.kz депутаттан осы жайтқа қатысты мән-жайды сұраған.

Менің ағайыным болып келетінін растаймын, облыста алыс туыстарымыз көп. Қазақтарда, өздеріңіз білетіндей, туыс көп болады. Бірақ бізде тұрақты байланыс болған жоқ. Әрі кетсе той немесе жаназада кездесіп қалатынбыз. Сондықтан менің тарапыма айтылып жатқан сөздердің бәрі жала жабу және мен оларды сотқа беруге құқылы екенімді еске саламын, - деді Жөргенбаев.

Сенат депутаты «Талғар аудандық әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаевтың өз орнын сақтап қалуына ықпал етті» деген әңгімеге қатысты да жауап берді.

Талғар аудандық әкім аппаратының бұрынғы басшысы Аслан Қасымбаевтың өз қызметін сақтап қалуы үшін ешкімге және ешқайда хабарласпағанымды сеніммен айта аламын. Хасан Қасымбаевты тергеу ісіне де мүлде араласқан емеспін, - деп түйіндеді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға