Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
19.12.2024 11:23
123
Сенат депутаттары президенттің ұсынысы бойынша зейнет жасына жеткен Жоғарғы сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенаттың жалпы отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатуды қарастыруды ұсынды.
Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышев зейнет жасына жетті. Олар судьялар қоғамдастығында беделді маман ретінде танылды. Атап айтқанда, Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевтың отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы ұсынымға қолдау білдіруді сұраймын, - деп атап өтті Дмитрий Малахов.
Сенат депутаттары судьяларды қызметінен босатуды бірауыздан қолдады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға