Сенат төрағасы «Талдау мектебінің» сарапшыларымен кездесті
Фото: t.me/senate_kz
Фото: t.me/senate_kz
22.08.2023 17:55
864
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Талдау мектебі» жобасына қатысушылармен және Жас сарапшылар клубының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде Мемлекет басшысының елімізді жаңғырту бағдарын іске асыру жөніндегі идеялар мен бастамалар талқыланды.
Қазіргі таңда жас сарапшылар Сенаттың қолдауымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстар мен талдамалық материалдар дайындап жатыр, - делінген Сенат мәліметінде.
Сенат еліміздің заңнамасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар даярлауға сарапшыларды жүйелі түрде жұмылдырып келеді.
Мұндай қадам заңдардың сапасын арттыруға ықпал ететіні анық. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Барселона» футболшыларына таңғы ас пен түскі ас беруді тоқтатты
Келесі жаңалық
Бейнеу мен Сексеуілдің арасын жалғайтын жаңа жол салынады