Жаңалықтар

Сенат төрағасы Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы айтты

Сенат төрағасы Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы айтты
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 10.11.2023 15:29 1649

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим азаматтар үшін қандай мүмкіндіктер беретінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы, елдің кейбір кәсіпкерлері Қытайға жиі барады. Орта, ірі бизнес іскерлік қатынастарды нығайтады. Әсіресе шағын бизнеспен айналысатындар үшін Қытайға бару, серіктестермен жұмыс істеу, тиісті шарттарды бекіту, жүктерді әкету бағытында жұмыс істеу жеңілдейді, - деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, бұған дейін бұл мәселені Қытаймен іскерлік байланысы бар кәсіпкерлер жиі көтерген. Енді оларға тиісті жағдайлар жасалды.

Мәселенің тағы бір қыры - елдегі көптеген адамдар Қытайдағы туыстарына, сондай-ақ осы елде оқитын балаларына барғысы келеді. Қытайға тарихи орындарға барғысы келетін туристер де келеді. Сондықтан біздің азаматтар үшін жағдай жасалуда, - деп түйіндеді Сенат төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға