Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президенттің кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Сенат төрағасы Қазақстан бүкіл халыққа, жеті жылға, бір ретке ел президентін сайлап жатқаны Конституцияға енгізілген жаңа нормалардың жүзеге асуының дәлелі екенін атады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президенттің кезектен тыс сайлауында дауыс берді
Фото: El.kz 20.11.2022 08:58 899

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президенттің кезектен тыс сайлауында Астана уақытымен 08:40-та дауыс берді, деп хабарлайды  El.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Елімізде осы маусымда республикалық референдум өткені белгілі. Сол референдумда еліміздің дамуына өте үлкен маңызы бар конституциялық нормаларды қабылдадық. Қабылданған конституциялық нормалардың біразы осы сайлауда жүзеге асырылып жатыр деп айтуға толық негіз бар, – деді Әшімбаев.

Сенат төрағасы Қазақстан бүкіл халыққа, жеті жылға, бір ретке ел президентін сайлап жатқаны Конституцияға енгізілген жаңа нормалардың жүзеге асуының дәлелі екенін атады.

Сайлаудың әділ, ашық өтуіне барлық жағдай жасалды. Сайлау – халыққа берілген үлкен мүмкіндік. “Халық – биліктің қайнар көзі” екенін Конституцияда тайға таңба басқандай жаздық. Сондықтан бүгін халқымыз өзінің болашағын айқындап отыр, – деді Сенат төрағасы.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға