Жаңалықтар

Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палатаға айналады - Мәулен Әшімбаев

Заң шығару ісі ауқымды әрі кешенді процесс
Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палатаға айналады - Мәулен Әшімбаев
Фото: parlam.kz 10.01.2023 20:00 769

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысының мәслихат депутаттарымен кездесіп, еліміздің алдында тұрған негізгі міндеттерді және Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту мәселесін талқылады. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі Сенатқа сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта Сенат өңірлердің мүддесін білдіретін Палата ретінде мәслихаттармен байланысты одан әрі арттыруды жоспарлап отырғанын айтты. Палата Спикері өз сөзінде осы бағыттағы жұмыстың нақты бағыттары мен форматына кеңінен тоқталды.

«Заң шығару ісі ауқымды әрі кешенді процесс. Заңдардың барлық нормалары алдын ала жан-жақты талқыланып, пысықталады. Осы жұмыстарға мәслихат депутаттарының тұрақты қатысуы айрықша мәнге ие. Сіздер жергілікті жерлердегі жағдайды жақсы білесіздер. Сондықтан заң шығару ісінде мәслихат депутаттарының ой-пікірлері мен ұсыныстарының маңызы зор», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палатаға айналады - Мәулен Әшімбаев

Сенат төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылған конституциялық реформаның нәтижесінде мәслихаттардың рөлі артқанын және сайлау үлгісі өзгергенін де тілге тиек етті. Мұндай шаралардың бәрі жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастырып, елдің алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуі үшін қолға алынып отыр.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев елімізде жүргізіліп жатқан жүйелі саяси жаңғыртулар аясында Сенаттың алдында тұрған мақсат-міндеттерге тоқталды.

«Бұдан былай Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палатаға айналады. Маңызды экономикалық және әлеуметтік процестер негізінен аймақтарда өтетіні белгілі. Өңірлерді кешенді түрде дамытпай, тұтас ел дамуын жаңа деңгейге көтеру мүмкін емес. Сондықтан Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың, ұлттық жобалардың, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған бағдарламалардың өңірлерде іске асырылу барысын бақылауға баса мән беріледі», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Сенат Спикері аграрлық салада еңбек етіп жүрген жергілікті мамандармен және еңбек ұжымдарымен кездесті. Іс-шарада «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» және «Ауылдардың денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» пилоттық жобаларын іске асыру барысы талқыланды.

«Президентіміз ауыл шаруашылығын және ауылдық аумақтарды дамытуға үнемі баса мән беріп келеді. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Алдағы жылдарда мемлекет тарапынан осы мақсатқа 1 триллион теңге бөлінеді. Ол 1 миллион ауыл тұрғынын қамтиды. Біз бюджетті қарау және заңнамалық жұмыс барысында осы мәселелерді назарға алып, жұмыс істейміз. Сіздер айтқан ұсыныстар мен бастамалардың бәрі қолдауға лайық. Оларды іске асыру жолында бәріміз бірге белсенді жұмыс істеуіміз керек», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палатаға айналады - Мәулен Әшімбаев

Облысқа сапары кезінде Сенат Төрағасы Қаратау қаласының орталық қазандығының жай-күйімен және шаһардағы үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, бір апта бұрын бұл өңірде қатты дауыл соғып, салдарынан аймақтағы инфрақұрылымға, көп қабатты және жеке тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандарға, сондай-ақ, электр бағандары мен желісіне айтарлықтай зардабы тиген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға