Жаңалықтар

Сенат ЕАЭО елдеріндегі ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы заңды мақұлдады

Сенат ЕАЭО елдеріндегі ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы заңды мақұлдады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 04.04.2024 02:42 545

Сенаторлар ЕАЭО елдеріндегі ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Палата отырысында депутаттар «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Келісімге сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты және ғылым докторы сияқты ғылыми дәрежелер туралы құжаттар растаусыз танылады.

Мұндай құжаттардың иелері ғылыми дәрежесі үшін үстемеақы талап еткен жағдайда ерекшелік қарастырылған. Сондай-ақ заң нормалары ғылыми кадрлармен алмасуды ынталандыруға және ЕАЭО-ға мүше елдердің білім беру жүйелерін интеграциялауға, университеттер мен зерттеу институттары арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға арналған, - деп жазылған Сенаттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға