Жаңалықтар

Сенат дарынды оқушыларға грант бөлуді көздейтін заңды мақұлдады

Сенат дарынды оқушыларға грант бөлуді көздейтін заңды мақұлдады
Фото: © El.kz 23.01.2025 12:27 199

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенатор Алтынбек Нұхұлының айтуынша, Заңның мақсаты - баланың құқықтарын қорғау, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, білім беру саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті айқындалған. Аталған орган өз құзыреті шегінде стратегиялық реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады. Заңда дарынды оқушыларды мемлекеттік қолдау және олардың ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне конкурстан тыс мемлекеттік білім беру гранттарын беру қарастырылған, – деді сенатор Алтынбек Нұхұлы.

Әзірге, гранттардың қай пәндерге берілетіні және саны қанша болатыны белгісіз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға