«Сен маған массың»: Азиялық блогерлер қазақ әнін әлемдік хитке айналдырды

Фото: коллаж El.kz/Видеодан кадр
Фото: коллаж El.kz/Видеодан кадр
17.04.2025 17:55
434
Рахымжан Жақайымның орындауындағы «Сен маған массың» әні Азия елдерінде кеңінен таралып, ерекше назар аударып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ән 2020 жылы шыққанымен, күтпеген жерден екінші тынысы ашылды. Қытай, Вьетнам және басқа да азиялық елдерден блогерлер мен желі қолданушылары бұл әнге билеп, миллиондаған қаралым жинайтын видеолар жариялауда.
Ал Рахымжан Жақайымның YouTube арнасындағы әннің бейнебаяны 30 миллион қаралымнан асты. Сондай-ақ «Сен маған массың» әні Douyin, TikTok, YouTube Shorts сияқты танымал платформаларда кеңінен таралып, оның үзінділері жүздеген мың видеоларда қолданылған.
@daoyil1421 #异国风情 #下班后的日常 ♬ 原聲 - DaoYiL1421
@jinjunjiaotou5521 ♬ 原创音乐 - 禁军教头
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жәрдемақы алу қиындайды: АӘК беру тәртібі өзгереді
Келесі жаңалық
Бейжіңде 21 робот жартылай марафонға қатысты