Семсерлесуден шешуші лицензиялық турнир өтеді

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
27.04.2024 04:15
1027
Семсерлесуден 27-28 сәуір күндері Біріккен Араб Әмірліктерінде Париж Олимпиадасының соңғы 6 лицензиясы сарапқа салынатын Азия және Океания аймағының іріктеу жарысы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған додада ел намысын қорғайтын спортшылар:
Қылыш
Артём Саркисян
Айгерім Сарыбай
Сапы
София Николайчук
София Актаева
Найза
Ғалым Нұрымов
Айта кетейік, әр сайыста 1-орын алған спортшы ғана лицензия иеленеді.
2 күнге жалғасатын бәсекеде 32 мемлекеттен 100-ден астам спортшы жолдамаға таласады.
Бөлісу:
