Семсерлесуден Олимпиадаға барған тұңғыш қазақ қызы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
29.07.2024 12:25
852
Париж Олимпиадасы семсерлесуден әйелдер арасындағы бәсекелер басталды. Қазақстан намысын қорғап жатқан Әйгерім Сарыбай алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз бірінші кездесуінде алжирлік Хайма Бенадуданы жеңіп, 1/16 финалға жолдама алды. Есеп – 15:9.
Келесі қарсыласы – екі бірдей Олимпиада ойындарының жүлдегері Манон Брюне.
Әйгерім – қылыштасудан Олимпиада ойындарына қатысып жатқан тұңғыш қазақ қызы.
Ол 2018, 2019, 2022 жылғы Азия чемпионатында командалық бәсеке бойынша қола жүлдені еншілеген.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстаннан шыққан Олимпиада чемпионы әке атанды