Семсерлесу: бес қазақстандық Гран-при кезеңінде бақ сынайды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
18.04.2025 05:10
673
Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бапкерлер штабы бұл турнирге бес спортшыны тіркеді.
Жүлде мен рейтингтік ұпайлар үшін Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько және Диляра Исабекова бақ сынайды.
Гран-при кезеңі 2-4 мамыр аралығында өтеді.
Бөлісу:
