Семейлік өнерпаздар Минскте өнер көрсетті
Семейлік өнерпаздар Беларусь республикасының астанасы Минск қаласында концерт берді. Шара Беларусь Республикасындағы Қазақстан елшілігінің атсалысуымен жүзеге асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Концертте Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әртістері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор Айбек Бекбосынов, мәдениет саласының үздігі Нұрбек Өмірбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова және «Дала Сазы» этно- фольклорлық ансамблінің өнері көрерменді тәнті етті.
абай облысы әкімдігінің мәліметінше, шара қазақ өнері мен мәдениетін насихаттау, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған.
Беларусь еліндегі қазақ диаспорасының өкілдері, өнер зерттеушілері, музыканттар мен қала тұрғындары алдында «Дала Сазы» этно- фольклорлық ансамблі қазақтың халық әндері мен күйлерін орындады.
Көрермендер концерт арқылы қазақ халқының ұлттық өнерімен жақынырақ танысып, ризашылықтарын білдірді. Бұдан өзге семейлік өнерпаздар шығармашылық сапар аясында Беларусь мемлекеттік музыка академиясының студенттеріне шеберлік сағатын өткізді.