Жаңалықтар

Семейдегі жаппай төбелестен соң бірнеше адам қамауға алынды

Семейдегі жаппай төбелестен соң бірнеше адам қамауға алынды
Фото: Видеодан скрин 21.01.2024 09:05 946

Семейдегі мейрамхана жанында бірнеше адам төбелесіп қалды. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 20 қаңтарда болған. Аталған жайт бойынша денсаулыққа зиян келтіруге бейімделген заттарды қолдана отырып, адамдар тобы жасаған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бұзақылық бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.

Қазіргі уақытта кінәлі адамдар анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар жанжалға қатысушылар арасында қаза тапқандар жоқ екенін хабарлаймыз делінген полиция мәліметінде.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде жаппай төбелес кезінде бір адам қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға