Семейдегі өрт 1600 шаршы метр аумаққа таралған

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
02.03.2025 00:27
481
Семей қаласындағы А.Чехов көшесінде орналасқан астық қоймалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, астық өңдеуші компанияның аумағында күнбағыс тұқымы бар қойма өртенген.
Өртті сөндіруге 23 бірлік техника және жеке құрамнан 65 адам, сонымен қатар өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Нәтижесінде 1600 шаршы метр алаңда өрт жойылды, - делінген мәліметте.
Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Израиль мен «ХАМАС» арасындағы басты келіссөздерге қауіп төнді
Келесі жаңалық
Алматыда фристайлдан Әлем кубогының кезеңі аяқталды