Жаңалықтар

Семейдегі «елес» қыз ұсталды

Семейдегі «елес» қыз ұсталды
Фото: Видеодан алынған кадр 05.10.2023 09:52 2103

Жексенбі күні кешке қаланың жерасты өткелдерінің бірінде 22 жастағы Семей тұрғыны «елес» костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, полицейлер қоғамдық жерде қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдарды келбетімен қорқытқан құқық бұзушының жеке басын анықтады.

Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін материал жиналды. Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Абай облысының полиция департаменті қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және азаматтардың тыныштығын бұзбауды сұрайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ГОРОД F — ЭТО СЕМЕЙ™️ (@fcity)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға