Семейдегі Достық үйінде Абайдың 175 жылдығына арналған челлендж бастау алды

06.08.2019 12:31
5270
Семейдегі Достық үйінде «Айша бибі» қазақ мәдени орталығының ұйымдастыруымен Абайдың өлеңдеріне арналған әдеби-сазды кеш өтті.
Абайдың 175 жылдығына арналған бұл шара Семей Достық үйінің этномәдени орталықтары арасындағы тартыстың басталуы болды, дейді ұйымдастырушылар.
Кеш соңында қазақ мәдени орталығының басшысы Айман Бокбасарова эстафетаны казак мәдени орталығының жетекшісі Александр Губановқа тапсырды.
Бөлісу:
