Семейде сотталғандар эко-ойыншықтар жасайды
Бұл ойыншықтарды әрбір ата-ана жоғары бағалайды.
02.07.2022 04:24
3701
Семей қаласындағы түзету мекемесінде сотталғандар эко-ойыншықтар жасаумен айналысуда, деп хабарлайды Еl.kz.
ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қатаң режимдегі ОВ 156/14 колониясында сотталғандар жұмыспен қамтылып, жалақы алуда. Олар көптің қызығушылығын тудырып жатқан эко-ойыншықтар жасаумен айналыса бастады.
– Сотталған азаматтар өндірістік цехта экологиялық таза материалдан балаларға арналған ойыншықтар жасауда. Бұл ойыншықтарды әрбір ата-ана жоғары бағалайды. Себебі құрамында улы компоненттері жоқ гипоаллергенді материалдардан жасалатын олар балаға өте пайдалы. Қолмен ұстағанға жағымды, әрі әдемі көрінеді, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
