Семейде жол тазарту жұмыстары жалғасуда
Абай облысының қалалары мен аудандарында республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды, ауылішілік көшелер мен аула аумақтарын қардан тазалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл облыс жолдарында қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге, қысқы кезеңде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін жағдайды жақсартуға көмектеседі. Семей қаласында қыс басталғалы 37 087 текше метр қар шығарылды. Күн сайын қардан тазалау жұмысына 70-тен астам техника мен 120 адам жұмылдырылады.
Бесқарағай ауданында 10-ға жуық техника мен 20-дан астам жұмысшы жұмылдырылған. Елді мекендердің көшелері мен жалпы ұзындығы 240 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар жолдарда қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 1900 шаршы метр қар шығарылған
Жаңасемейдің Новобаженово, Приречный, Озерки, Шүлбі, Алғабас, Көкентау, Жиенәлі және Ертіс ауылдарында қар шығару жұмыстары қызу жүріп жатыр. 8 техника жұмыс атқаруда.
Сондай-ақ Үржар ауданынан 3876 текше метр қар шығарылды. Екі жүк тиегіш пен төрт КамАЗ жұмыс істеп жатыр. Ақсуат ауданында қыс маусымы басталғалы 6 бірлік техника арқылы 2500 текше метр қар тазаланды.