Семейде жол апатынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды
Семейде жол-көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, 11 мамыр күні сағат 19:00 шамасында қаладағы Қ.Мұхамедханов – Абай көшелерінің қиылысында Hyundai Sonata автокөлігі пен Honda мотоциклымен соқтығысқан. Апат салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Мотоцикл жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталып жатыр, - делінген мәліметте.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.