Жаңалықтар

Семейде жол апаты болып, 3 адам жарақат алды

Семейде жол апаты болып, 3 адам жарақат алды
Фото: Абай облыстық ПД 05.02.2025 21:05 127

Семейде жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті. Оқиға Би Боранбай көшесінде болған. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, LADA Priora автокөлігінің жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан басты жолға шығар кезде қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, Haval маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Аталған көлік Степной елдімекені бағытына қарай қозғалып келе жатқан.

Абай облыстық Полиция департаменті жол апаты кезінде үш адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілгенін атап өтті. Полицейлер барлық мән-жайды анықтауда.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға