Жаңалықтар

Семейде жедел қимылдайтын жасақ жауынгерлері өрттен үш адамды аман алып қалды

Семейде жедел қимылдайтын жасақ жауынгерлері өрттен үш адамды аман алып қалды
Фото: Абай облыстық Полиция департаменті 02.02.2024 23:16 884

Абай облыстық Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері өртке оранған пәтерден үш адамды алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция дерегінше, оқиға 2 ақпанда болған. Жауынгерлер Әділ Құсман мен Нұрлыбек Менкешев облыс орталығында алаяқтықтың алдын алу мақсатында азаматтарды аралауға жіберілген. Олар көпқабатты үй аулаларының бірінде 5-қабаттағы балкон жанып жатқанын байқаған.

Пәтерде бойжеткен және оның кәмелетке толмаған інісі мен сіңлісі болған.

Полиция қызметкерлері ең алдымен жанып жатқан пәтер тұрғындары мен олардың көршілерін эвакуациялады.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бес қабатты үйдің басқа пәтер тұрғындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын түсінген арнайы жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлері өз өмірлеріне қауіп төндіріп, ас үйден газ баллонын шығару үшін пәтерге оралған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті оқшаулады деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінен.

Өртке қарсы қызмет жалпы ауданы 6 шаршы метр балкондағы жеке заттар, қаптама, терезе және есік блоктары жанғанын анықтаған.

Жанған пәтерден құтқарылған бойжеткен полицейлерге көрсеткен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

Оқи отырыңыздар: 

СҚО-да тұрғын үйдегі өрттен 13 адам құтқарылды

Көкшетаулық полицейлер бір отбасын өрттен сақтап қалды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға