Семейде жантүршігерлік жол апатынан 19 жастағы жігіт көз жұмды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
10.07.2023 15:26
1768
Семейде жантүршігерлік жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 20 маусым күні болған. 19 жастағы жүргізуші Audi 100 көлігін басқарып келе жатып, Шәкәрім даңғылының бағытындағы автокөлік көпірінен кейін рөлді басқара алмай, бағананың тірегіне соқтығысты.
Салдарынан жүргізуші ауруханада есін жимастан қайтыс болды.
Оқи отырыңыз:
- ШҚО-да бір күнде үш адамның өліміне әкелген екі жол-көлік оқиғасы болды
- Батыс Қазақстан облысында жол апатынан тағы екі адам мерт болды
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Композитор Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл толды