Жаңалықтар

Семейде жаңа ет комбинаты cалынады

Семейде жаңа ет комбинаты cалынады
Фото: Абай облысы әкімдігі 04.08.2023 12:48 1171

Семейде «Еуразия Агро Семей» ЖШС өндірістік қуаты жылына 12 600 тоннаны құрайтын ет комбинатын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жобаға сәйкес, құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталып, комбинат пайдалануға беріледі.

Бұдан бөлек, биыл Семейде өндірістік қуаты жылына 600 тонна дайын өнім шығаратын «Ықылас Инвест» ет консерві зауытын іске қосу жоспарланып отыр. 2023-2024 жылдары шикізат тапшылығы мәселесін шешу мақсатында облыста ет комбинаттарын салу жоспары бекітілді.

2022 жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары 91,8 мың тонна сиыр еті, 22,8 мың тонна құс еті, 64,5 млн дана жұмыртқа, 171,0 мың тонна картоп, 23,4 мың тонна сәбіз, 3,9 мың тонна пияз және басқа да өнім түрлерін өндірді.

Абай облысында 39 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Бүгінде жобалық қуаты жылына 18 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 7 сүт өңдеу кәсіпорны бар. Облыста 12 тауарлы-сүт фермасы және 7 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға