Семейде үш жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
22.05.2023 22:50
620
Семейде бес қабатты үйдің терезесінен 3 жастағы бүлдіршін құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жазатайым оқиға қаладағы 1 шағын ауданда түс кезінде орын алған.
Бүлдіршін терезеге орнатылған арнайы тормен бірге 4-қабаттан құлаған.
Оқиға орнына көмекке келген жедел жәрдем қызметкерлері баланы облыстық балалар ауруханасына апарды. Ал тәртіп сақшылары оқиға ересектердің абайсыздығынан болғанын анықтаған.
Баланың үйде анасымен бірге болғаны, ал ол құлаған сәтте анасының ас үйде жүргені анықталды. Бүлдіршін терезенің алдына орындық қойып, оған орнатылған арнайы тормен бірге жерге құлап түскен, - делінген Абай облысы ПД таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада спирттің ірі партиясы тәркіленді