Жаңалықтар

Семейде тежегіш пен газды шатастырған жүргізуші әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті

Семейде тежегіш пен газды шатастырған жүргізуші әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: Видеодан кадр 11.10.2024 21:17 659

Семейде Nissan автокөлігін тізгіндеген 53 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргізуші газ педалі мен тежегішті шатастырып алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлікке мінген әйел оқиға орнынан кетіп қалған. Ал жаяу жүргінші зардап шекпеген және ол арыз жазудан бас тартыпты. Дегенмен Абай облыстық Полиция департаменті тексеру нәтижелері бойынша жүргізуші екі бап бойынша жауапқа тартылғанын атап өтті. Атап айтқанда: жол-көлік оқиғасы болған жеден кетіп қалу және материалдық зиян келтіру. Оқиға кезінде жол бойындағы дүкеннің қамтамасына зиян келген.

Осы ретте полицейлер жүргізушілерді өте мұқият болуға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға