Семейде сайлау күні мүгедек жандарды 11 арнайы көлік тасымалдайды
Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
18.11.2022 00:30
1516
Семей қаласында Президент сайлауы күні мүгедек жандарды сайлау учаскелеріне 11 арнайы көлік тасымалдайды, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша, Семейде мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің Конституциялық құқықтарын пайдалана алады.
Сайлау барысында мүгедектігі бар сайлаушылардың жағдайы толық қарастырылу керек. Қаладағы сайлау учаскелеріне келгендер құлаққаптар, Брайль қарпінде сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка, қосымша жарықтандыру, ұлғайтқыштар және сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі, – дейді Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев.
Сонымен қатар 20 қарашада Семей қаласында қоғамдық көліктер тегін қатынайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде цифрлық әскери билет пайда болады
Келесі жаңалық
Алматыда бейнебақылаудың озық технологиялары енгізілді