Жаңалықтар

Семейде сауда орталықтары, Алакөлде демалыс базасы салынбақ

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды
Семейде сауда орталықтары, Алакөлде демалыс базасы салынбақ
Фото: Үкімет 24.01.2023 10:53 1375

Абай облысының 2023-2027 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 1,9 трлн теңге. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды деп, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров отырыста Абай облысының әлеуетін арттыру бағытында бірқатар кешенді жоспарды тілге тиек етті.
Министрдің айтуынша, кешенді жоспар 9 бағыттан тұрады және 102 іс-шараны қамтиды. 2023-2027 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 1,9 трлн теңге.

«Көлік саласы мен логистиканы дамыту аясында 11 көпір, «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» учаскесінде теміржол салу және реконструкциялау, Үржар ауылында транзиттік-көлік объектісін, әуежай терминалын құру жоспарлануда. Жалпы ұзындығы 1465 км болатын жергілікті жолдарға күрделі және орташа жөндеу жүргізіледі», – деді ол.

Сондай-ақ, Семей қаласынан Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларына дейін және Үржар - Павлодар бағыттары бойынша авиарейстерді субсидиялау жоспарланып отырғанын айтты.

Бұдан өзге, кәсіпкерлік және туризмді дамыту үшін 2 сауда ойын-сауық орталығы, 5 жұлдызды қонақ үй кешені және Алакөл көлінің жағалауында демалыс базасы салынбақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға