Жаңалықтар

Семейде Құнанбай Өскенбайұлының атында көше пайда болады

Семейде Құнанбай Өскенбайұлының атында көше пайда болады
Фото: Видеодан кадр/24.kz 11.02.2025 20:38 122

Семейдегі көшелердің біріне Құнанбай Өскенбайұлының аты беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Семейде 12 көшенің аты өзгеруі мүмкін. Тарихи тұрғыдан әбден ескіргені жаңаланбақ. Жақында қоғамдық тыңдау болып, ұсыныс республикалық комиссияға жолданады.

Қалада Крестьянская, Первомайская, Советская, Энгельс сынды көшелер әлі күнге дейін бар. Енді олардың орнына Құнанбай Өскенбайұлы, Кеңгірбай Жандосұлы, Әнуарбек Байжанбаев, Жұмат Шанин, Рақымжан Қошқарбаев сынды тұлғалардың аты берілмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға