Жаңалықтар

Семейде қорлық көрген баланың отбасына баспана кілті табысталады

Семейде қорлық көрген баланың отбасына баспана кілті табысталады
Фото: видеодан алынған кадр 28.02.2025 12:16 475

Абай облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Эльзира Солтабаева отбасыға көрсетілген қолдау шаралары туралы ақпарат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, халықтың қолдауымен жиналған қаражат баспана сатып алуға бағытталады.

Толық медициналық тексеруден өткен балаға қажетті психологиялық көмек көрсетілді, ал отбасыға құқықтық қолдау ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта отбасының жақын туысының есепшотына 24 миллион теңге жиналды. Бұл қаражат тұрғын үй сатып алуға жұмсалады, – деді Эльзира Солтабаева.

Уәкілдің мәліметінше, қаржының әділ әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету үшін облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, адвокаттар мен қоғамдық ұйым өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылады.

Көмек көрсету үдерісі ашықтық пен әділдік қағидаларына негізделеді. Қоғамның зор қолдауын ескере отырып, тұрғын үйді таңдау және сатып алу барысы толық ашық өтеді, – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Эльзира Солтабаева отбасының ел тұрғындарына білдірген шынайы алғысын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға