Семейде Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған шетелдікке айыппұл салынды
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
29.10.2024 14:46
780
Семей қаласында Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Семейде 46 жастағы шетелдік Қазақстан азаматтығынан айырылғанына қарамастан, мемлекеттік баж салығын төлеу үшін Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған.
Оның қазақстандық жеке куәлігі тәркіленді, ал құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 369 200 теңге айыппұл салынды, – делінген ақпаратта.
Тәртіп сақшылары Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынғанын, ал азаматтар шетел азаматтығын алған жағдайда, бұл туралы 30 күн ішінде хабарлауы тиіс екендігін ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды
Келесі жаңалық
Щучинскте жеке үй ауласындағы моншада өрт шықты