Семейде қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде

Фото: Семей қаласы әкімдігі
Фото: Семей қаласы әкімдігі
18.02.2025 23:40
316
Семейде қар тазалау тәулік бойы жалғасуда. Күн сайын таңғы 4:00-ден бастап жолға құм себу, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын мұздан тазарту, сондай-ақ жол жиегіндегі қар үйінділерін шығару жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала көшелерін қысқы күтіп-ұстауға барлығы 109 техника тартылған. Олардың қатарында әмбебап жол машиналары, тракторлар, тиегіштер, автогрейдерлер және самосвалдар бар.
Қала әкімдігі шаһарда қар шығаруға арнайы үш полигон дайындалғанын атап өтті. Олар: Қарағайлы шағын ауданы, Мұрат саяжайының бұрылысы (35-колония маңы) және Семей-Қайнар тас жолының бойы.
Айта кетейік, қыс басталғалы бері қаладан 65 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан ҰОК 2026 жылғы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды
Келесі жаңалық
Елордада «Цифры сот орындаушысы» тімділігін көрсетті