Семейде оқушыға жасалған шабуылдан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
26.02.2025 20:08
530
Семейдегі оқушыны жасөспірімдердің топ болып соққыға жығу оқиғасынан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызметтік тергеу нәтижесінде тәрбие жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін екі білім беру мекемесінің басшысы, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мектеп психологтары жауапқа тартылғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта жәбірленген балаға облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары көмек көрсетіліп жатқаны белгілі болды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау облысының әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді
Келесі жаңалық
Қазақстан мен ЕО стратегиялық серіктестікті нығайтады