Жаңалықтар

Семейде мемлекеттік көлікті саунаға баруға пайдаланған

Семейде мемлекеттік көлікті саунаға баруға пайдаланған
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 15.01.2024 11:29 879

Семейде мемлекеттік көлікті жеке қажеттеріне пайдалану бойынша арыздар келіп түскен, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Семей қаласы мен облыстық аудандар бойынша демалыс және мереке күндері қызметтік көлік құралдарын пайдалану деректері анықталған. Куәгерлер бұл жағдайларды видеоға түсіріп, моншалар, сауналар, кафелер, мейрамханалар және т. б. маңында көліктердің тұрғанын көрсеткен.

Қай мемлекеттік мекемелер қызметтік автокөліктерді жұмыс уақытынан тыс пайдаланатынын анықтау үшін ведомство Абай облысының ПД және басқа да құзыретті мемлекеттік органдарға жазбаша сұрау салулар жолдады.

Арыздарды қарау нәтижелері бойынша департамент заңға сәйкес шаралар қабылдайды және кінәлі лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселе қаралмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға