Жаңалықтар

Семейде мектеп оқушысын зорлаған мұғалім өмір бойына сотталды

Семейде мектеп оқушысын зорлаған мұғалім өмір бойына сотталды
Фото: ©El.kz/жасанды интеллект DALL-E-3 18.04.2025 15:26 511

Абай облысының Семей қаласында мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Абай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Сот процесі жабық режимде өтті. Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың шілде айының соңында мұғалім Семей қаласының оң жағалау бөлігінде автокөлік салонында кәмелетке толмаған қызды зорлаған.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамай, ақтап шығуын сұраған. Алайда сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мұғалімнің ұсталғаны туралы ақпарат 2024 жылдың қараша айында белгілі болған. Ол 32 жаста, мектепте бастапқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген. Жәбірленуші – 8-сынып оқушысы.

Қалалық білім бөлімі қыздың мектепке баруын жалғастырып жатқанын хабарлады. Оның ата-анасына бала құқықтары жөніндегі уәкілге және психологиялық қолдау көрсету орталығына жүгіну ұсынылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға