Жаңалықтар

Семейде мектеп оқушысын қаңғыған иттер талап тастады

Семейде мектеп оқушысын қаңғыған иттер талап тастады
Фото: © iStock 24.04.2023 10:09 1289

Семейде қаңғыған иттер сегіз жасар қызды талап тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған оқиға 21 сәуір күні сағат 18:00 шамасында Бөгенбай батыр көшесінде болған. Бір топ жабайы ит ана мен балаға тап берген.

Қолын тістеп, содан соң бетін талады. Қуаныштысы, қыз қалың қысқы күртешеде болды. Ұлыммен бірге иттерді әрең дегенде қуып жібердік, – деді семейлік әйел.

Жәбірленуші әкесінің айтуы бойынша, осыдан кейін бала шок алып, үнемі жылайтынды шығарған.

Бұл – аймақтығы үлкен проблема. Балалар мектепке және жаттығуларға барудан қорқады. Өйткені қаңғыбас иттер өріп жүр. Иттерді аулайтындардың бірдеңе істеуге құлқы жоқ, ал полиция қызметкерлері ештеңе істей алмайды. Біз қайтеміз? Мына жағдай тағы қайталануы мүмкін. Қызымның бетінен қан кетті, тістері терең батқан, тыртық қалды. Қазір ем алып жатыр, – деді қыздың әкесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға