Жаңалықтар

Семейде мас күйінде шомылған жігіт Ертіске батып кетті

Семейде мас күйінде шомылған жігіт Ертіске батып кетті
Фото: t.me/qr_tjm 14.07.2023 11:00 963

Семей қаласында ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға Ертіс өзенінің жағалауындағы «Пристань» қалалық жағажайында болған. Куәгерлердің айтуынша, 1998 жылы туған ер адам жағада демалып, мас күйінде шомылған.

Бір мезетте көзден ғайып болған. Дереу іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Бір сағат ішінде құтқарушылар ер адамның жансыз денесін тапты. Іздеу жұмысына жеке құрамнан 4 адам және қайық жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға