Семейде LADA Granta көлігі аударылып кетті
Фото: Абай облыстық ПД
Фото: Абай облыстық ПД
24.01.2024 23:30
854
Семейде жол бойында кетіп бара жатқан көлік аударылып, кюветке түсіп кетті. Оқиға Шығыс кентінің аумағында 24 қаңтарда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, көлік рөлді тізгіндеген жігіттің абайсыздығынан аударылған.
Жол-көлік оқиғасы болған жерге жеткен полицейлер 30 жастағы азаматтың басып озу маневрін жасаған кезде рөлді басқара алмай, көлік құралының аударылуына жол беріп, қозғалыс бағытына қатысты жол төсемінен оң жаққа шыққанын анықтады. Жүргізуші ішімдік ішпеген.
Оқи отырыңыз:
- Семейде көлік жаяу жүргіншілерге арналған жолақта қызды қағып кетті
- Атырау-Орал тас жолында үш адам қайтыс болды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«ҚазТрансГазАймақ» мекемесіне 3,8 млн теңге айыппұл салынды
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды