Жаңалықтар

Семейде көпбалалы отбасыларға үй берілді

Семейде көпбалалы отбасыларға үй берілді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 30.08.2023 03:13 1072

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Қазақстан Конституция күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік тұрғын үй қорында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған 10 отбасына Комсомол кентінен жеке тұрғын үйлердің кілтін табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Семей қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл – сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер.

Бүгін 10 отбасыға Комсомол кентіндегі Бөдене көшесіндегі үйлерден баспаналы болды. Маусым айында 27 отбасыға Қарағайлы шағын ауданынан пәтер кілттерін табыстаған болатынбыз. Ал бүгін қаламыздың сол жағалауында жер үйдің кілтін табыстап отырмыз. Баспана иелерін осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа үйлер берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін! - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетерлігі, осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін Комсомол кентінен тағы 32 көпбалалы отбасы баспаналы болмақ. Сондай-ақ Семей қаласы бойынша үй кезегінде 13 000-нан астам қала тұрғыны тіркелген. Осыған орай, Қарағайлы шағын ауданында 26 бюджеттік көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2023 жылдың соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан 15 көпқабатты тұрғын үйдің (487 пәтер) құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға