Семейде кәсіпорынның 125 қызметкері жалақысын ала алмай келген
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
09.12.2023 13:33
835
Абай облысы прокуратурасы қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуына тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен 90 млн теңгеден астам жалақы қарызы өтелді.
Атап айтқанда, Еңбек кодексінің талаптарын бұза отырып, «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ның 125 қызметкеріне 9 ай бойы жалақы төленбеген.
Прокуратура басшылығы облыс әкімдігімен және уәкілетті органдармен бірлесіп, бірқатар шаралар қабылдады.
Нәтижесінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, сол арқылы 125 қызметкердің құқығы қорғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда сабақ кезінде оқушыны ит қауып алды