Жаңалықтар

Семейде ішіп алған ер адам кішкентай қызға шабуылдады

Семейде ішіп алған ер адам кішкентай қызға шабуылдады
Фото: Видеодан кадр 08.12.2023 12:00 831

Семейде учаскелік полицей кішкентай қызды мас адамнан құтқарып қалды. Күдікті азамат УҰИ-ға қамауға алынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраев көшеде көмекке шақырған қыздың дауысын естиді.  Ол дауыс шыққан жерге барғанда ер адамның шамамен он екі жастағы қызды күштеп ұстап, үйдің кіреберісіне кіргізуге тырысып жатқанын көреді. Қызды дер кезінде босатып, мас адамды бөлімшеге жеткізді.

Анықталғандай, бала Семей қаласының мектептерінің бірінің 6-сыныбында оқиды. Қарағайлы шағын ауданының үйлерінің бірінің жанынан өтіп бара жатып, оған белгісіз ер адам пәтерге баруды ұсынған. Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес ұсталған ер адам “орташа дәрежелі” мас күйінде болған.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға