Семейде халықаралық скрипкашылар байқауы өтті

Абай облысында қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы Айткеш Толғанбаевтың 100 жылдығына арналған I халықаралық скрипкашылар байқауы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай атындағы театр сахнасында қазылар алқасы үздік жас таланттарды марапаттады. Салтанатты іс-шарада әлемге танымал скрипкашы, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсаходжаева сөз сөйлеп, музыкалық өнерге арналған бұл байқаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлде иегері Амина Ахметжанова атанды. 18-21 жас аралығында: I орын – Алибек Балагумар, II орын – Ақбота Таңнұр, Жәнел Төребай, Айгерім Танкеева, III орын – Айгерім Аулбек, Нұрай Рысқұлова, Нұрдәулет Сейтхан, Ажар Есенбай. Ал 22-28 жас аралығында I орын – Гүлназ Мухамбетуалиеваға, II орын – Жәния Болатоваға бұйырды. Сонымен қатар, арнайы жүлделер мен дипломдар табысталып, концертмейстерлердің де еңбегі жоғары бағаланды.
