Жаңалықтар

БҚО-да жол апатынан бес адам бақилық болды

БҚО-да жол апатынан бес адам бақилық болды
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 22.03.2025 22:41 461

Батыс Қазақстан облысында адам өліміне соқтырған жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinfom-ға сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 22 мамыр күні шамамен сағат 06.15-те Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылы тұсында болды.

Жүргізуші Opel Zafira автокөлігімен келе жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сөйтіп Van Hool автобусымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Opel Zafira автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы мерт болды. Автобус жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға