Жаңалықтар

Семейде бұзақылардың құрбаны болған баланы ІІМ қамқорлығына алды

Семейде бұзақылардың құрбаны болған баланы ІІМ қамқорлығына алды
Фото: Polisia.kz 01.03.2025 10:29 123

Семей қаласында бұзақылардың әрекетінен зардап шеккен 11 жастағы балаға ҚР Ішкі істер министрлігінің «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы қолдау көрсетті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Семей қаласында орын алған бұзақылық оқиғасы қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Қоғамның жаппай қолдауының арқасында мектеп оқушысы мен оның отбасы жалғыз емес екенін сезінді. Бұл іске полиция ведомствосының басшылығы ерекше мән беріп, тергеуді жеке бақылауына алды. 

Жасөспірімнің болашағына алаңдаушылық білдірген ҚР Ішкі істер министрлігінің «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы оны өз қамқорлығына алып, спорт арқылы жігерлендірмек. Динамолықтар балаға тәлімгерлік көрсетіп, сенімділігін нығайтуға, өзін қорғай білуге үйретуді мақсат тұтып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға