Семейде алғаш рет тазы жарысы өтті

Семейде алғаш рет жарғақ және шашақ құлақ тазылар арасында «Шырға тарту» жарысы өтті. Бұл дода Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа Абай облысының қалалары мен аудандарынан келген итбегілер баптаған 50-ден астам тазы қатысты. Сайыс барысында тазылар жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп, ересек тазылар 1 шақырым, ал күшік тазылар 700 метр қашықтықта жарысып, өзара жүйріктері анықталды.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер атанған ибегілер қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломымен, медаль және кубоктарымен марапатталды. Сонымен қатар қатысушылар арасында «Құмай тазы», «Сері жігіт» және «Тұлпар» номинацияларында үздіктер анықталып, арнайы дипломдар мен кубоктар табысталды.
