Жаңалықтар

Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды

Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Фото: Абай облысының әкімдігі 23.11.2024 22:15 1114

«Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мұражай-қорығы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ынтымақтастығы аясында «Абай мұрасы мен қазіргі мұражай: таным тоғысында, білім, ғылым және тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, шара барысында ұлы ойшылдың туған жерінде арнайы ғылыми-мәдени орталық құру бастамасы айтылды.

Жоба Абай мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттаудың жаңа тәсілдерін іздестіру, оқу-ағарту, ғылыми және білім беру іс-шараларында заманауи мұражайлардың әлеуетін пайдалану, сондай-ақ өлкетануға басымдық беретін мәдени туризмді дамытуға бағытталған. Бастама музейге келуді арттыру және жаһандану жағдайында өскелең ұрпақты ұлттық тарих пен мәдениетті меңгеруге бағытталған, - делінген мәліметте.

Ашылу салтанатынан кейін абайтанушылардың кездесуі өтті. Студенттерге Абай философиясы мен шығармашылығы туралы ашық дәрістер ұйымдастырылып, сарапшылар көрнекті ойшылдың мұрасы туралы өз зерттеулері мен бірегей пікірлерімен бөлісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға